25 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №49

273 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
2015 жылғы 23 қаңтар, Астана қаласы Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын  бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________________ Е.ДОСАЕВ. 2015 жылғы 4 ақпан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы №49 бұйрығымен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес әзiрленген және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртiбiн айқындайды. 2. Қазақстан Республикасында қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді облыстық маңызы бар қалалардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) жүргізеді. 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) жеңілрельстік көлік – қатынау жылдамдығы мен өткізу қабілеті теміржол мен метрополитенге қарағанда төмен және трамвайға қарағанда жоғары екенін сипаттайтын қалалық рельстік көлік түрі; 2) қалалық рельстік көлік – қала және қала маңындағы аймақ шекараларында рельстермен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңілрельстік, монорельстік көлік); 3) метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі; 4) монорельстік көлік – бір рельстік жолмен қозғалуға арналған қалалық рельстік көлік түрі; 5) тізілім – Қазақстан Республикасында тіркелген қалалық рельстік көліктің көлік құралдары туралы мәліметті қамтитын дерекқоры; 6) трамвай – қала шекарасында берілген маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған қалалық рельстік көлік түрі; 4. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары Қазақстан Республикасының резидент еместермен Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшiн уақытша әкелген жағдайда тіркелуге жатпайды. 2. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртiбi 5. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жергілікті атқарушы органдар: 1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылатын жағдайда, заңды тұлға тіркелген орны бойынша; 2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, оның iшiнде жеке кәсіпкер болып табылатын жағдайда, салық төлеуші ретінде тiркелген орны бойынша жүзеге асырады. 6. Жеке және заңды тұлғалар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеуге өтінішті жергілікті атқарушы органдардың кеңсесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша: 1) мемлекеттік тіркеуге жататын, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізбесін; 2) меншiк құқығын растайтын құжаттың көшірмесін; 3) әзірлеуші зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбiр бiрлiгiне арналған техникалық паспорттың көшірмесін (формуляр); 4) тіркеу алымының төленгенін растайтын құжатты; 5) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына тыйым салынбағаны туралы құжатты қоса беріп ұсынады. Жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болады. 7. Жергілікті атқарушы органдар өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдары өтінішті қабылдаудан бас тартады. 8. Жергілікті атқарушы органдар құжаттарды қабылдау кезінде өтiнiш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. 9. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеу туралы өтінiштi жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде қарайды. Қаралған өтініштердің нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді не қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуден бас тартады. 10. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк қатаң есептілік құжат болып табылады, оның есептiк сериясы мен нөмiрi болады, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбiр тiркелетiн бiрлiгiне берiледi. 11. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені және оның куәлігінің телнұсқасын бергені үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алынады. 12. Өтініш беруші ұсынған құжаттар Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келген кезде жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғасының қолы бар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік дайындалады. 13. Мемлекеттік тіркеуден өткен қалалық рельстік көліктің көлік құралдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілуге жатады. 14. Мүлiктi жалға алу (жалдау, сату), лизинг, мүлікті сенiмгерлiк басқару шартын жасасқан жағдайларда, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының иесі бұл туралы жергілікті атқарушы органдарын өтініш нысанында (өтініш нысаны еркін) хабардар етеді. Жергілікті атқарушы органдар аталған мәліметтерді тізілімге енгізеді. 15. Жергілікті атқарушы органдар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына сот қабылдаған шешiмге сәйкес тыйым салынған жағдайларда, өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуден бас тартады және жазбаша түрде дәлелді бас тарту ұсынады. 16. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары: 1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдары есептен шығарылған, ол қалпына келмейтiндей зақымданған; 2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын кейіннен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс пайдалану үшін әкете отырып, иеліктен айыру жағдайларында тiзiлiмнен шығарылады. 17. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімнен шығарылған кезде меншік иесі немесе оған теңестiрiлген адам жергілікті атқарушы органдарына: 1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті; 2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы не зақымдануы туралы, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс пайдалану үшін әкете отырып сату туралы актіні қоса бере отырып, еркін нысандағы өтiнiшті ұсынады. 18. Жергілікті атқарушы органдар тiзiлiмге қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын пайдалану жөніндегі қызметтің тоқтатылғаны туралы мәліметтерді енгiзедi. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеу қағидаларына 1-қосымша _________________________________________ _________________________________________ (облыстық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының атауы) _________________________________________ (мекеме атауы, заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған күні, үй мекен жайы, тел.) Өтініш ___________________________________________________ құқығында тиесiлi (меншiк, мүлiктiк жалдау, жалға алу немесе лизинг) саны _____ бiрлiк қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тiркеудi сұраймын. Мекенжайы: __________________ қ. ______________________ к-сі. ЖСН, БСН: _____________________________ байланыс телефондары (факс) ________________. Тiзбе ________________ парақта қоса берiледi. Өтiнiш берушi _______________________/_______________________________ (жеке тұлғаның не заңды (Т.А.Ә.А.) тұлға басшысының қолы) М.О. (заңды тұлға және жеке кәсiпкер үшiн) Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеу қағидаларына 2-қосымша __________________________________________ __________________________________________ (облыстық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының атауы) Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеу туралы өтiнiші бойынша құжаттарды алғаны жөніндегі 20__ жылғы «___» _______________ № ____ ҚОЛХАТ Уақыты: ______ сағат ______ мин. Қабылданған құжаттар тiзбесi: (құжаттың атауы, сериясы, нөмiрi, қашан және кiм бердi) 1. __________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Қабылдады: _________________________________________________________ өтiнiшті қабылдаған адамның Т.А.Ә.А. және қолы Өтiнiштi орындау күнi 20__ жылғы «___» ________________ Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеу қағидаларына 3-қосымша _________________________________________ _________________________________________ (облыстық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының атауы) Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы КУӘЛIК Осы куәлік «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ______________________________ __________________________________________________________________________ (қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына құқықтар көрсетiлсiн) құқығындағы ____________________________________________________________________ (иесiнiң толық атауы, Т.А.Ә.А.) берiлдi және ________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының мемлекеттік тіркелгенін растайды. зауыттық нөмiрi _____________________________________________________ мүкәммалдық нөмiрi __________________________________________________ секциясы ____________________________________________________________ жасалған жылы ______________________________________________________ Осы куәлік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық жағдайларда қолданылады және қалалық рельстік көліктің көлік құралының иесін куәландыратын құжатпен бірге көрсетiледi, ондағы келтiрiлген мәліметтер өзгерген жағдайда ауыстырылуға жатады. _____________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Берiлген күнi 20__ жылғы «___» __________ М.О. Уәкiлеттi органның лауазымды адамы __________________________________ қолы, Т.А.Ә.А. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеу қағидаларына 4-қосымша Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тiзiлiмi Әкімдік Куәлiк № Берiлген күнi Меншiк иесi Меншiк түрi Жалға алушы Жалға алу мерзімі 1 2 3 4 5 6 7 Жасалған күнi Нормативтік қызмет ету мерзiмi Соңғы жөндеу күнi Келесi жөндеу күнi Техникалық жай-күйi Тiркелген жері жарамды есептен шығарылған 8 9 10 11 12 13 14 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10407 болып енгізілді.